Қытайда өтетін отыз бірінші Дүниежүзілік Жазғы универсиадаға Қазақстан құрамасы да қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда өтетін отыз бірінші Дүниежүзілік Жазғы универсиадаға Қазақстан құрамасы да қатысады

30.06.2023

Қытайда өтетін отыз бірінші Дүниежүзілік Жазғы универсиадаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Студенттер арасындағы байрақты бәсекеде жерлестеріміз спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Ол: садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, оқ ату, және ушу. Қазақстан делегациясының құрамында 116 адам, оның ішінде 90 спортшы, 20 жаттықтырушы, штабтың 6 өкілі және медицина қызметкерлері бар. Әлемдік жарысқа қатысу үшін республикалық бюджеттен 244 миллион теңге бөлінген. Универсиада ойындары 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Чэнду қаласында өтеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу