Бүгін Астанада қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионаты басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионаты басталады

19.05.2016
Бүгін Астанада қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионаты басталады

Бүгін Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионаты басталады. «Барыс Арена» кешенінде өтетін Әлем біріншілігіне 67 елден 294 спортшы қатысады.

Сондай-ақ, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынады. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.

Әлем біріншілігінің бірінші күнін «Kazsport» телеарнасы күндізгі сессиясын сағат 13:40-та, ал, кешкі сессияны 18:40-та бастап тікелей эфирде көрсетеді. Ал, финалдық бәсекені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар. Әлем чемпионаты 27 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар шаршы алаңға ертеңнен бастап шығады.

Хабарламаларға жазылу