Басты Жаңалықтар Қазақстандық ірі бизнесмендер «Bank RBK» АҚ құрамына енді

Қазақстандық ірі бизнесмендер «Bank RBK» АҚ құрамына енді

Қазақстандық ірі бизнесмендер «Bank RBK» АҚ құрамына енді

Банктың дербес акционерлері Дінмұхамед Ыдырысов - 9,9, Қайрат Шарипов – 9, Ержан Достыбаев – 9,9, Бахаридин Абзалимов – 9,9, және Уәлихан Нұрмұхамедов – 4,3 пайызын иелік етеді.

«Біз біраз уақыт «Bank RBK» АҚ бақыладық. Қызмет көрсету, басшылық жағынан ешқандай құйтырқы әрекет байқамадық. Сондықтан ұзақ жыл банкпен бірге болуға шешім қабылдадық» - дейді акционер Дінмұхмед Ыдырысов.

Біздің анықтама:

Дінмұхамед Ыдырысов – ірі кәсіпкер, Forbes Kazakhstan рейтінгінің үздік 50 бизнесменнің қатарында. «Матен Петролеум» мұнай компаниясы мен «Ордабасы» корпорациясының акцияларынна иелік етеді.

Қайрат Шарипов –  Қазақстанның ірі кәсіпкері. 2009 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атқарушы директоры.

Ержан Достыбаев – Қазақстанның ірі кәсіпкері. Forbes Kazakhstan рейтінгі бойынша 50 бай бизнесменнің қатарына кіреді. «Матен Петролеум» АҚ акционері, «Ақтөбе мұнай» зауытының директорлар кеңесінің мүшесі.

Бахаридин Абзалимов – Қазақстанның ірі кәсіпкері, Forbes Kazakhstan рейтінгі бойынша 50 бай бизнесменнің бірі. «Матен Петролеум» АҚ президенті.

Уәлихан Нұрмұхамедов – Қазақстанның ірі кәсіпкері, «Ордабасы Корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2014 жылдың 1-ші шілдесіне дейін банктың акциясы – 323,8 млрд теңге, несие  сомасы – 241,4 млрд теңге, тұтынушылар сомасы – 265,8 млрд теңге, сондай-ақ, жеке тұлғалардың үлестері 55,6 млрд теңгені құраған.

Банк офистері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында бар.

 

Бөлісу