«Астана Опера» театрында «Таң Самалы» атты концерт өтеді
Бүгін Астанадағы «Астана Опера» театрының Камералық залында «Таң Самалы» атты концерт өтеді. Шара барысында Е. Рахмадиевтің әндері шырқалады.
Сондай-ақ, кеште А. Жұбановтың, С. Мұхамеджановтың, Е. Брусиловскийдің, М. Төлебаевтың, Е. Рахмадиевтің опералары мен романстарынан ариялар, А. Сағатовтың, Ә. Әбдінұровтың аспапты шығармалары, сонымен қатар қазақ халық әндері шырқалады.
«Тыңдарман назарына ұсынылатын әр туынды - қазақ музыкасының маржаны. Қазақ композиторларының бүкіл шығармашылығын қамту мүмкін емес, аталған концертте махаббат туралы ұлы мұрамыздың тек шағын бөлігі ғана паш етіледі», – дейді концерттің авторы Роза Нұркей.
Концертте қазақтың көрнекті композиторы С. Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз», «Ақан сері-Ақтоқты», «Айсұлу» сияқты туындылары да шырқалады.
Кеште театрдың опера әншілері Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Бейімбет Таңарықов (тенор), Жанат Шыбықпаев (баритон), Болат Есімханов (бас) өнер көрсетеді.
Концерт «Астана Операның» ағаш үрмелі аспаптарының квинтеті А. Косырев (флейта), А. Тоқпанов (кларнет), Д. Махпірова (гобой), А. Нелдібаев (фагот) және М. Қоныспаевтардың (валторна) қатысуымен өтеді. Концертмейстерлер – Ирина Кургузскина, Гауһар Тасбергенова.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14