«Мерейлi отбасы» байқауына елордалық 14 отбасы өтініш берді
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды. Оған қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі.
Астанада өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталды. Қазіргі уақытта 14 отбасы байқауға қатысуға өтініш берген. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Ішкі саясат басқармасын хабарлады.
«Байқауға қатысушыға 14 отбасы өтініш берген. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкерлердің, өнер және мәдениет қызметкерлерінің, теміржолшылардың, дәрігерлердің, оқытушылардың және т.б. отбасылары. Өтініштерді қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, комиссия үздік отбасыларды анықтау жөнінде шешім қабылдау кезінде отбасы мүшелері жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, салт-дәстүрлерді және жәдігерлерді, рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтауына, балалардың табысына, ата-бабасын (шежіре) білуіне, отбасының дарындылығына, өмір салтына және т.б. назар аударады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы - өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14