23 сәуір күні, сағат 10.00-де Алматыдағы білімді дамыту жылына арналған жиынның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Шара барысында 2013-2014 оқу жылында халықаралық және облыстық олимпиада, конкурстарда жеңімпаз атанған 9-11 сыныптардың 323 оқушысына «Үркер» сыйлығы табысталады.
«Үркер» – Алматы қаласының басты нышаны – алма ағашы мен оның жемісі тәрізді жарқыраған шоқжұлдыздан тұратын көрікті сыйлық. Оның безендірілуі жастық жігер мен талантты, даналық пен әдемілікті қадірлеуді меңзейді.
Биыл «Үркер» сыйлығын табыстау дәстүріне 6 жыл.
Бұл шара туралы ертең kaztrk.kz порталында толығырақ жазылатын болады.