Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
- Астанадағы автобус апатында екі аяғынан айырылған Алуа алғашқы қадамын жасай бастады. Кішкентай қызға арнайы протезді германиялық компания әзірледі. Қазір Алуа осы протезбен жүруді үйреніп жатыр. Күнделікті жаттығумен айналысады. Еске салсақ, 2 маусым күні жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, 15 адам зардап шекті. Солардың ішінде Астанаға әжесімен қыдырып келген 8 жастағы Алуа да болған. Кішкентай қыздың екі аяғы қысылып, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды. Екі аяғынан айырылған Алуаның жағдайы қоғамда резонанс туғызып, баланың ем-домына қаржылай қолдау көрсетілді. Қала әкімдігі 4 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Туыстарының айтуынша, Алуаның отбасы жаңа үйге жаңа жылға дейін көшеді.
-
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17