Басты Жаңалықтар «ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр

«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр

Газа секторында соғыс тоқтап, көшелерге «ХАМАС-тың» полицейлері қайта оралды. Олар Израильмен сыбайлас деген күдікпен жеті адамды жазалады. Осылайша, хамастықтар Израиль әскерінен босаған аудандарда тәртіп орнатуға кіріскенін жариялап отыр.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Газадағы ықпалды әулеттер, «ХАМАС-қа» қарсы күштер және қарулы қылмыскер екіжылдық соғыста Израильдің қолдауына сүйеніп, гуманитарлық көмекті жымқырып, оны сатумен де айналысқан. Салдарынан тас-талқаны шыққан анклавта мыңдаған адам ашаршылыққа ұшырады. Тонау фактілерін жергілікті тұрғындар да растап отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп та хамастықтардың «қауіпті бандаларды» жойғанын мәлімдеді. Бірақ өзге бір сөзінде Құрама Штаттар лидері өзінің бейбіт жоспары аясында «ХАМАС-ты» күш қолданып болса да тез арада қарусыздандыратынын ескертті.


Бөлісу