Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
Ақтөбе облысында шешесінің өгей әкесінен зорлық көріп, нәрестелі болған оқушы қыз облыс орталығына жеткізілді. Оған мамандар психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Бұл жағдай Ойыл ауданында болған еді. Күдікті алпыс жастан асқан тұрғын. Он төрт жастағы қыздың жүкті екенін жақындары білмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жоспарлы профилактикалық тексеріс жүргізілмеген. Ал наурыз айында өткен скринингте акушер-гинеколог мамандар болмағандықтан жүктілік анықталмаған. Сондықтан бұған дейін үш рет медициналық тексеріс жүргізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Нұргүл Бертілеуова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушысы. Ата-анасы ресми түрде ажырасқан. Қазіргі таңда анасымен бірге тұрады.
Бұл іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Жағдай өңірдегі бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің бақылауында. Оқушы сабақтан қалмаған.
Әліби Латып, облыстық балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы:
Баланың денсаулығына, психологиялық жағдайына алаңдап отырғандықтан Ақтөбе қаласына алдырдық. Ол бала қазір облыстық перинаталдық орталыққа орналастырылды. Өзім және арнайы психологтармен сөйлесіп қайттық. Баланың жағдайы қалыпты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
