Басты Жаңалықтар Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі

Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 240 мыңнан астам бала бар. Оның 130 мыңы мектепте білім алса, 80 мыңы жалпы білім беретін ұйымдарда оқиды. Алматыда өткен алғашқы Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресінде осы бағыттағы жаһандық тәжірибелер мен жаңа шешімдер талқыланды.

Қазақстанда 2021 жылы инклюзивті білім беру туралы заң қабылданды. 2023 жылы мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсартуға арналған екінші әлеуметтік пакет мақұлданды. Күні кеше Үкімет отырысында ерекше оқушылардың жалпы білімге қолжетімділігін арттыру жөніндегі заң жобасы қолдау тапты, - дейді дөңгелек үстелде сөз алған Оқу-ағарту министрі.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Арнайы цифрлық платформа құрылатын болады. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көрсетілетін психологиялық-педогогикалық қызмет лицензияланатын болады. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі оқушы ретінде танылмаса да, бірақ аурудан кейін қолдауды қажет ететін азаматтарға, оның ішінде оқушыларымызға техникалық құрал-жабдықтарды тегін беру мәселесі қарастырылуда.

Бүгінде еліміздегі мектептердің 91%-ында инклюзияға арналған базалық жағдай жасалған. 1000-нан астам қолдау кабинеті ашылып, 29 мыңнан астам маман жұмыс істейді. 7 500 мектептің 1200-ге жуығында балалардың қажеттілігіне қарай инклюзивті қолдау кабинеттері ашылған.

Лаура Ботабаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орталық директоры:

Баланың отыратын орны қамтамасыз етілген. Одан кейін мүмкіндігінше арнайы педогогтар, педогог-ассистенттер сол балалармен жұмыс жасайтын педогогтардың біліктілігін арттыруға шұғыл түрде жіберуге олардың барлық мехнизмдері бар. Келді бала. Қарап отырмайды. Бірден курсқа жіберу арқылы педогогты сол баламен қалай әрі қарай жұмыс жасауға дайындықтан өткізулеріне мүмкіндіктері бар.

Конгресс аясында Инклюзивті білім беру жөніндегі Алматы декларациясы талқыланды. Құжатта білім алмасу, бірлескен жобалар және дамушы елдерге көмек көрсету сынды бастамалар қамтылған. Бұл декларация ЮНЕСКО-ға жолданып, ұйым оны инклюзивті саясат қалыптастыруда халықаралық деңгейде пайдаланады.

Бөлісу