Ақтауда қала әкімдігінің қолдауымен қалалық Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Көктем аруы-2014» байқауы өтті, деп хабарлайды aktau.gov.kz.
Сайысқа 16-22 жас аралығындағы жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылар «Мен қазақ қызымын», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Білгенге маржан», «Ана көрген тон пішер» және «Қыз өнерімен көрікті» тақырыптарында 5 кезең бойынша сынға түсті.
12 арудың арасынан қазылар шешімімен «Көктем аруы-2014» атағын Маңғыстау өнер колледжінің студенті Қарашаш Нысанова иемденді.
Қатысушыларға қаржылай сертификатар мен сыйлықтар табысталды.