Әрбір төртінші тұрғын өз бетінше емделеді
Елімізде әрбір төртінші тұрғын өз бетінше емделеді. Республика бойынша 7 мыңнан астам тұрғыннан алған сауалнаманың нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Сұралған адамдар дәрігерге қаралуға қолдарының тимейтінін айтады.
Көбі жұмыстан шыға алмайды. Кейбіреулері үй тіршілігінен босамайды екен. Алайда, өз бетінше емделу науқастың денсаулығына едәуір зиян келтіретінін қаперден шығармау керектігін ескертеді дәрігерлер.
Айнұр Ысқақова сәбиін арқалап емханаға жиі келеді. Бұл жолы жақында ғана бірге толған сәбиін медициналық тексеруден өткізіп жүр. «Сақтансаң, сақтайды», деген қағиданы мықтап ұстанған ана осы кезге дейін өз бетінше ем алып көрмепті.
Айнұр Ысқақова, қала тұрғыны:
Мен антибиотикті дәрігердің нұсқауынсыз бермеймін.
Дегенмен, «өзім білемінге» салынып, дәрігерге жүгінбей емделетіндер жетерлік. Сұралған 7 мың адамның әрбір екіншісі суық тигенде дәрігерсіз ем алады. Ал әр төртінші тұрғын антибиотикті өзінше қабылдай береді. Осы әрекеті үшін сан соғып қалғандар да жетіп-артылады.
Сәуле Ділдәбекова, педиатр дәрігер:
Баласы жөтеліп ауырса әртүрлі дәрілерді береді. Содан соң оған әсері болмай қалады. Біз одан да күшті дәрі беруге мәжбүр боламыз.
Дәрігерді «алмастыратын» тағы бір нәрсе - телеарнадағы жарнама. Тұрғындардың 80 пайызы насихаты күшті дәрілерді ойланбастан сатып алады.
Дәулетхан Есімов, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы:
Нақты дәлелденген дәрілерді ғана жарнамалауға рұқсат береміз. Ол Ұлттық орталықтан тіркеуден өтуі қажет.
Сұрастырып біз де көрдік. Бірақ бізге антибиотикті өз бетімен қабылдайтындар кездеспеді.
Халық пікірі:
-Дәрігердің рұқсатынсыз қабылдамаймын. Телефон арқылы болсын, сұрап аламын.
-Антибиотиктерді нұсқаусыз қабылдау өте қауіпті, әрине.
Ал, дәрігердің айтуынша, қуаты күшті дәріні өз бетімен қабылдағандардың денсаулығы күндердің күнінде сыр береді. Сондықтан, дәрігерге баруға бір күнін қимайтындар кейін сан күнін, бәлкім, тіпті жылдарын емге арнамасына кім кепіл...?!.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06