Басты Жаңалықтар Жас сайлаушылар форумы өтті

Жас сайлаушылар форумы өтті

Қызылордада жас сайлаушылар клубының республикалық форумы өтті. Ауқымды шараға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы қатысып, жастарға саяси үрдістің қыр-сыры жайында  дәріс оқыды.

Соңғы жылдары жастар саяси науқандарда белсенді. Яғни мемлекет ертеңіне бей-жай қарамайтын жас буын қалыптасып келеді. Бүгінде Қазақстан түрлі деңгейдегі сайлау процесін ұйымдастырудың жаңа үдерісіне көшті. Халықаралық талапқа сай негізгі қағидалар мен басымдықтар бекітілген.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Еркін, әділ референдумдар мен сайлауды әкімшіліктендіру, екіншісі сайлаушылардың сенімі. Институционалдық даму, оның ішінде цифрлық даму. Азаматтардың сайлау мәдениеті және бесіншісі қоғам және халықаралық институттардың өзара іс-қимылы.

Жалпы, 2022 жылдан бастап еліміздің әр өңірінде жас сайлаушылар клубы құрылып, жастар байыпты бастамаға ұйытқы болып келеді. Бұл бағытта облыстық сайлау комиссиясы мен Қорқыт ата университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, оқу орнының базасынан жаңа дәрісхана ашылды. Мұнда студенттер сайлау процесі мен құқықтық қағидалары бойынша білімін жетілдіріп, кең мәлімет алады.

Бекдәулет Дауқараев, «Жас сайлаушылар» клубының төрағасы:

Бұл қазіргі жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыруға, азаматтылық белсенділігін күшейтуге және саяси сауатты қалыптастыруға бағытталған. Қазір облыс бойынша жүзге жуық мүше бар. Жеті аудан, қала.

Айғаным Қалиева, «Жас сайлаушылар» клубының мүшесі:

Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Осындай ашық диалог арқылы пікірімізді еркін жеткізе аламыз деп ойлаймын. Біздің мақсат - белсенді жауапты және саналы сайлаушылардың қатарын қалыптастыру.

Форум аясында Нұрлан Әбдіров жастармен еркін форматта пікір алмасты. Сайлау заңнамасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, халықаралық тәжірибе алмасты. 

Бөлісу