Орталық Азиядағы эко-волонтерлікті дамыту жөніндегі резолюция қабылданды
Өңірлік экологиялық саммит аясында «Волонтерлік және экологиялық іс-қимылдар» атты панельдік сессия өтті. Жиынға Орталық Азия елдері мен Әзербайжаннан келген 100-ден аса ерікті мен азаматтық қоғам лидерлері қатысты. Талқы өзегі – экологиялық мәселелерді шешудегі волонтерлік істің рөлі. Сессия жұмысына қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының үндеуін оқып берді. Президент бастамасымен елімізде экологиялық еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Қазір бұл салаға 100 мыңнан аса азамат тартылған. Кейінгі бір жылда мыңнан аса іс-шара өткізіліп, 10 мың тонна қоқыс жиналды. Сондай-ақ, 2 миллионға жуық ағаш отырғызылды. Ал Арал теңізінің құрғаған табанында кейінгі бес жылда 1 миллион гектар жерге сексеуіл егілген. Сессия қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы экологиялық волонтерлікті дамыту жөніндегі резолюция қабылданып, оны БҰҰ-на жолдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Каспий теңізі мен Арал өңіріне қатысты бірлескен экожобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол қойылды.
Сандра Кох, БҰҰ Халықаралық еріктілер жылы еріктілер тобының жетекшісі:
Сандра ханым, еріктілердің қоршаған ортаға тигізетін үлесі қандай? Олар әлемдік деңгейдегі өзгерістерге қалай әсер ете алады?
«Волонтерлік кез келген салада маңызды. Оның қатарында экологияда да бар. Бүгінгі сессия еріктілердің табиғатты қорғауға қосып жатқан үлесін көрсетуге арналған. Әрине, ағаш отырғызу, жағалауды, көшені тазалау дегенді білеміз. Алайда ерікті істің маңызы әлдеқайда кең әрі ауқымды. Адамдар бірігіп, бір-бірін үйретіп, қоғамның көзқарасын өзгертсе, әлем де жақсы жаққа өзгереді. Сондықтан жасыл болашақ үшін волонтерлік аса қажет Қазақстан Президентінің бастамасымен 2026 жыл Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланды. Бұл – волонтерлерді әлемдік деңгейде танытудың үлкен мүмкіндігі.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Парламентаралық шахмат кубогі өтті
23.04.2026, 20:59
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құқықтық акция өтті
23.04.2026, 20:58
Каспийдің келешегі: Экожүйе мен экономикаға қауіп
23.04.2026, 20:57
Шетелдік БАҚ экологиялық саммитті талқылап жатыр
23.04.2026, 20:38
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында GRECO ұсынымдарының орындалуы қаралды
23.04.2026, 20:35
Жас сайлаушылар форумы өтті
23.04.2026, 20:34
Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталды
23.04.2026, 20:31
Кино фестивалі басталды
23.04.2026, 20:29