Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құқықтық акция өтті
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік-құқықтық акция өтті. Шараның басты мақсаты – азаматтарға заң тұрғысынан жәрдем беріп, қолдау тетіктерін кеңінен таныстыру. Кездесуде тұрғындар заңгерлер мен мемлекеттік мекеме өкілдеріне сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Мамандар әр өтінішке жеке тоқталып, бағыт-бағдар берді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, өз мүддесін қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бауыржан Бекбосынов, Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары:
Бұл акция бір мезгілде облыс көлемінде ұйымдастырылып отыр, яғни 20 ауданымызда басталды. Бұл акция екінші мәрте өтті. Сол акциядан кейін 84 адам жұмысқа орналасты.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21