Басты Жаңалықтар Парламентаралық шахмат кубогі өтті

Парламентаралық шахмат кубогі өтті

Бүгін Алматыда ТМД-ға  мүше мемлекеттердің арасында Парламентаралық ассамблеяның шахматтан ашық кубогі өтті. «Шахмат пен саясат –  ұқсас ұғым. Екі жақта да қадамды нық басу маңызды. Сондықтан саясаткер де шахмат тақтасындағыдай әр қадамды ойланып, стратегиялық шешімдерді таразыға сала білуі қажет». Бүгін ТМД елдерінен жиналған қатысушылар осындай пікірде. Додаға Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан командалары қатысты.

Айта кетейік, шахмат жарысы Швейцария жүйесі бойынша өтті, бас-аяғы 9 кезеңнен тұрды. Ал қатысушы саны –  48. Алғашқы ашық халықаралық жарыс Қазақстан Парламентінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Жақып Асанов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

Депутаттың жұмысы шахмат партиясына ұқсайды. Біз әр қадамымызды алдын ала есептеп, оның салдарын түсініп, бүкіл «тақтаны» бақылауда ұстауымыз керек. Бірақ шахматта ойынды қайта бастауға мүмкіндік бар, ал Парламентте ондай мүмкіндік жоқ - әр қадамымыз бүкіл ел алдында жауапкершілік жүктейтін заңға айналады.

Мемлекеттік басқару мәселелері талқыланды

Сондай-ақ шара барысында мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті. Онда мемлекеттік басқаруды дамыту, цифрландыру және иесіз мүлікті басқару мәселелері талқыланды.

Бөлісу