Өскеменде өткен білім сайысына 3-4 сынып шәкірттері қатысты. Шараның негізгі мақсаты - оқушылардың зияткерлік деңгейін арттырып, дарынды өрендерді анықтау. Олимпиадаға қатысқан 450 сайыскер 8 пән бойынша бақ сынады. Білім додасын облыстық білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша 200-ге жуық оқушы жеңімпаз атанды. Оқ бойы озық шыққандар дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Олимпиада аясында балалар мәдени-танымдық бағдарламаны да тамашалап, Өскеменнің көрікті жерлерін саяхаттап қайтты.
Еркеназ Берікқызы, 4-сынып оқушысы:
- Мен былтыр да осы олимпиадаға қатысып, екінші орын алғанмын. Ал, қазір қазақ тілі мен әдебиеттік оқудан олимпиадаға қатысып, бірінші орын алдым. Мен қатты қуаныштымын.