Бір ай бойы арнайы тағайындалған қазылар тобы елорда мектептеріндегі білікті мамандарға баға берген. Олар «Үздік педагог» және «Үздік сабақ» аталымдары бойынша сынға түсті. Байқауға барлығы 118 мұғалім қатысып, өз бағын сынаған. Сайыс нәтижесі бойынша №43 орта мектептің бастауыш пән мұғалімі Гүлсара Рахымбаева ең «Үздік педагог» деп танылды. Сондай-ақ, сабақ беруде жаңашылдығымен көзге түскен 18 маман марапатқа ие болды. Биылғы іс-шараның ерекшелігі мектеп музейлері де сынға түскен. Оған қатысу үшін барлығы 9 мұражай өтінім беріпті.
Орынбасар Сейдешов, Қазаќ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
- Әрине, Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты үлкен мақаласы үлкен сәйкестік болып табылады. Өйткені, қанша дегенмен мұражай келер ұрпаққа, оның ішінде әріптестерге берері өте көп. Сондықтан, осындай байқаулар көп болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ