Басты Жаңалықтар Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды

Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды

Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейді. 53 өңірде патент негізінде жұмыс істейтін шетелдіктерді белгілі бір салаларға жұмысқа алуға шектеу енгізілген. Әсіресе сауда, такси және курьерлік қызмет сияқты салаларда енді шетелдіктер істей алмайды. Тілші тарқатады.

Қыркүйек айында Ресейдің Еңбек министрлігі тағы 10 өңірде шетелдіктердің жұмысына шектеу қойды. Татарстан, Краснодар өлкесі, Новосібір, Свердлов және Вологда облыстары, Санкт-Петербург сияқты өлкелерде енді шетелдіктерді емес, жергілікті тұрғындарды жұмысқа алуға басымдық берілмек.

Фарид Шакиров, еңбек мигранты:

Айлық бұрынғыға қарағанда қысқарды. Табыс азайғандықтан, өмір сүру мүмкін емес. Отбасымды асырауға жетпейді. Өз мемлекетіме қайтадан ораламын деп шештім.

Санкцияға байланысты Ресейде ірі компаниялар, кәсіпорындар жаппай қысқартуды бастады. Мәселен, Мәскеуде 2026 жылғы тамыздың соңында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға артты. Ал жұмыс іздеп, жұмыспен қамту қызметіне жүгінгендер 17 пайызға көбейген.

Ярослав Кабаков, сарапшы:

Бұл ең алдымен бюджет тапшылығына байланысты. Елде кіріс төмендеп, экономикалық көрсеткіштер төмендеді. Сондықтан көптеген кәсіпорындар жабылуға немесе жұмысшы санын қысқартуға мәжбүр.

Осыған дейін Ресейге жылына 10 миллионға жуық еңбек мигранты келетін. Енді олардың саны елу пайызға дейін азаймақ. Себебі оларға еңбек патенті де қымбаттады. Ал мамандар, құрылыс, тұрғын үйлер мен ғимараттарды күтіп ұстау, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласында еңбек мигранттары қажет екенін айтады.

Бөлісу