Басты Жаңалықтар Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы

Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы

Қазақстан Орталық Азияда шетелдік инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Өткен жылғы қорытынды бойынша елде жаңа инвестициялық жобаларға жарияланған қаражат көлемі шамамен 19 миллиард долларға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 266 пайызға көп. Ал Солтүстік және Орталық Азиядағы жаңа инвестициялық жобаларға бағытталған қаражаттың шамамен 89 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Шетелдік капиталдың негізгі бөлігі мұнай-газ, тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі және сауда салаларына бағытталған. Шетелдік сарапшылар елімізде оң инвестициялық ахуал қалыптасқанын айтады.

Дмитрий Курочкин, Ресей сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті:

Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өнеркәсіпті дамытуға, өндірістік кооперацияны нығайтуға және кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Біз Қазақстанмен өзара тиімді әріптестікті дамытуға мүдделіміз. Бұл өз кезегінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу