Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
Мәскеуде бір жылда екі мыңнан астам сауда орталығы жабылды. Санкцияға байланысты елде инфляция артып, кәсіпкерлер шығынға ұшыраған. Экономикалық шектеулердің салдарынан 6000-нан астам бренд елден кетіп қалды. Толығырақ тілші тарқатады.
Сауда орындарының жабылуына несие пайызының өсуі, халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі де әсер еткен. Сауда орталықтарына келушілер саны да бес пайызға азайған. Нарықтағы қиындықтар әсіресе киім-кешек пен аяқ киім сататын дүкендерге әсер етіп отыр. Азық-түлік те 30 пайызға қымбаттады.
Валентина Степанова, зейнеткер:
Бәрі қымбаттады, бірақ сатып аламыз ғой, қайда кетеміз? Әсіресе қант, ұн, күнбағыс майының бағасы көкке ұшты. Дәрі-дәрмек алуға тіпті ақша жетпейді.
Ресей 2022 жылдан бері әлемде санкция бойынша бірінші орынға шықты. Шетелдік ірі брендтер әріптестіктен бас тартса, логистикалық шығындар мен импорттық тауарлардың қымбаттауы саудагерлердің шығынын көбейтті. Оған қоса салықтық жүктеме артты.
Наталия Кермедчиева, сауда, жылжымайтын мүлік және бөлшек сауда сарапшылары қауымдастығының сарапшысы:
Өкінішке орай, сауда орындары қазір пайда көрмейді десек те болады. Сондықтан киім-кешек болсын, азық-түлік болсын, барлық кәсіпкерлерге қазір қолдау, субсидия қажет.
Үкімет сауда саласындағы қиындықтарды азайту үшін «1764» жеңілдетілген несие бағдарламасын қабылдады. Ол кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға және төмен пайызбен несие алуға мүмкіндік береді. Алайда сарапшылардың пікірінше, бұл шара кәсіпкерлердің мәселесін шешпейді. Ресейге қарсы санкция күшейсе, елде қымбатшылық тағы артады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы