Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
Бельгия королі Филипп пен патшайымы Матильданың Қазақстанға жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі елдің қарым-қатынасына жаңа серпін берді. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі мен Брюссель баспасөз клубы ұйымдастырған басқосуда Еуропалық комиссия, Бельгия үкіметінің өкілдері ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Елші Роман Василенконың айтуынша, сапар аясында қырықтан астам маңызды келісімге қол қойылған. Тарихи сапар-саяси диалогты тереңдетіп қана қоймай, сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени байланыстарды кеңейтуге жол ашты, дейді қос тарап өкілдері. Ендігі міндет-жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жобаларға айналдыру.
Роман Василенко, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы тұракқты өкілі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен король Филипп екіжақты қарым-қатынасымыздың дамуына қуатты серпін берді. Екі елдің мемлекеттік органдарының, компанияларының және университеттерінің алдында тұрған ендігі міндет – білім беру, маңызды шикізат, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу салаларында қол жеткізілген маңызды келісімдерді жүзеге асыру.
Гоммаар Дюбуа, Бельгия СІМ-нің Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Балқан елдері бойынша департаменті директорының орынбасары:
Корольдің елдеріңізге сапары екіжақты қатынастың маңызды кезеңі болды. Қазақстан – Бельгияның Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі. Екі елдің сыртқы істер министрліктері алдағы үш жылға арналған жол картасын әзірледі. Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі-екі ел дипломаттарының жұбайларына жұмыс істеуге мүмкіндік беретін келісім жасау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы