«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
Алматыда «Шалқар» радиосының 60 жылдығы аясында «Кітап оқитын ұлт» зияткерлік-интеллектуалды сайысы өтті. Кітап оқу мәдениетін насихаттауды мақсат еткен шараға әдебиет пен руханиятқа жақын, кітапты жанына серік еткен радио тыңдармандары қатысты.
Олардың арасында жазушы, аудармашы, кітапханашы және студенттер бар. Сайыскерлер қазақ халқының руханияты, мәдениеті, тарихы мен ұлттық танымына қатысты сан түрлі сұраққа жауап берді. Жалпы, қатысушыларға 200-ге жуық сауал қойылып, олардың білімі мен зеректігі сыналды. Мұндай бастамалар қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, әсіресе жастардың ұлттық құндылықтарды тереңірек тануына жол ашады. Іс-шараның басты мақсаты – кітапты насихаттау ғана емес, оқығанын ой елегінен өткізіп, ұлттық тарих пен мәдениетті ұрпақ санасына сіңіру, - дейді ұйымдастырушылар.
Болатбек Төлепберген, «Шалқар» радиосының бас редакторы:
Тыңдармандар кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында өткен шара бүгінгі. Кітапқа қатысты дүниелер, кітапты насихаттап жүрген адамдар, осылардың арасынан таңдап алдық. Сайыскерлер арасында бір үздік анықталды. Және қалған қатысушыларды біздің демеушілердің арнайы сыйлықтары табысталды.
Жалғасқали Мусағали, жазушы:
Бұл сайыстың халыққа, елге оның ішінде аға буынның жұмысы жастарға болуы керек. Шынайы тарихын білмеген я болмаса өзінің рухын, мәдениетін білмеген адамның болашағы жоқ қой. Сондықтан сол бағытта сұрақ қойып, мұның әрбір жауабының өзі жастарға үлгі болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы