Басты Жаңалықтар NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел

NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг Астанадағы Alem.AI орталығын аралап, Қазақстанның экотехнологиялық жобаларымен танысты. Сапар барысында оған ұшу аппараттарын әзірлеу және өндіру бағытындағы стартаптар, Екібастұзда салынып жатқан Data Center Valley кластері таныстырылды. Экскурсияда отандық автоматтандырылған стартаптар да көрсетілді. Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев қонаққа геймификация қағидаттарына негізделген цифрлық бастамаларды біріктіретін Startup City жобасын ұсынды. Кездесу соңында Дженсен Хуанг еліміздің инновациялық экожүйе мен қазақстандық мамандардың әлеуетіне жоғары баға берді.

Дженсен Хуанг, NVIDIA компаниясының бас директоры:

Қазақстан – жасанды интеллектті ұлттық тұрғыдан дамытуды қолға алған алғашқы ел. Нейрожелілер мемлекеттің жаңа деңгейге көтерілуіне, компаниялардың жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті болып, ауқымын ұлғайтуға көмектеседі және қоғамды түбегейлі өзгерте алатын құдіретті күш.

Бөлісу