Басты Жаңалықтар Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат

Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат

Бүгінде елімізде отбасын қолдайтын 160 орталығы жұмыс істейді. Мұнда азаматтар психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерден кеңес ала алады. Алғашқы орталықтар 2019 жылы отбасылық соттар жанында пилоттық жоба ретінде ашылған. Кейін жергілікті әкімдіктер жанынан құрылып, бүгінде барлық өңірде ашылған. Отбасыларды баспанамен қамтуға да ден қойылды. Соңғы жеті жылда 118 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Жаңа үйлер мегаполистерде ғана емес, облыс орталықтары мен шағын қалаларда да бой көтерді. Сонымен қатар 772 ауыл табиғи газға қосылды.

Бөлісу