Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
Республика күні – мемлекеттің даму жолындағы белестерін
айшықтап, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Жаңа Конституция –
осы құндылықтардың құқықтық
негізін айқындайтын басты құжат. Біріншіден, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
мемлекеттің басты басымдығына айналды. Бұл Конституцияның преамбуласында алғаш рет бекітілді. Екіншіден,
өмір сүру құқығына абсолютті кепілдік беріліп, өлім жазасына тыйым салу
Конституция деңгейінде нақтыланды. Ешкім өзіне және жақын туыстарына қарсы
куәлік беруге міндетті емес. Сөз бостандығы мен азаматтардың негізгі құқықтарын
қорғауға бағытталған конституциялық тетіктер күшейтілді. Бұл өзгерістердің
барлығы – адамды мемлекеттің басты құндылығы ретінде танитын жаңа құқықтық
бағыттың негізі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы