Бастауыш мектеп ашылды
Алматы облысы Қаратал ауданының Сарыбұлақ ауылында небәрі 56 түтін бар. Елді мекен оқушылары осы уақытқа дейін көрші ауылға қатынап оқитын.
Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларына қиындық туғызып келді. Енді ол күн де артта қалды. Ауылда 30 балаға арналған бастауыш мектеп ашылды. Ғимарат құрылысына облыс қазынасынан 130 миллион теңге қаражат бөлінді.
Бүгінгі күннің үлгісімен салынған шағын мектеп қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда компьютер сыныбы, шағын спорт зал мен асхана бар.
Жаңа білім ордасы биыл небәрі 20 жеткіншектің білімін шыңдамақ. Бірақ ауылдағы ағайын мектептің келешегіне сеніммен қарайды. Себебі жылдан-жылға сарыбұлақтықтар қатары еселеніп келеді.
Айбөпе Айболат, оқушы:
Бұрында біз Елтай мектебінде оқыдық. Кей кезде қыста автобус жүрмей қалған кезде жаяу барған күніміз болды. Бұл мектеп өте әдемі. Ауласы да кең. Болашақта біз сіздерге жақсы оқимыз деп уәде береміз.
Қатыш Уасбайқызы, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны:
Бөбектер білім алып, азамат болып, өсіп, өздерінің ниеттерімен қалаған оқуларына түсуін тілейміз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21