7 жылда 1483 балабақша ашылды
Елімізде балабақшалар саны артып, орын тапшылығы біртіндеп азайып келеді. Бүлдіршіндер үшін соңғы жеті жылда бас-аяғы 1483 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бой көтерген. Оның 345-і мемлекеттік балабақша. Ал соңғы үш жылда 232 мың жаңа орын ашылған. Келесі жылдың соңына қарай, тағы 68 мың орынмен толығады деген жоспар бар. Қазір балабақша кезегінде тұрған балалар саны 160 мыңнан 22 мыңға дейін азайған. Айта кетейік, бүгінде елімізде 12 мыңнан астам балабақша жұмыс істейді. Онда 1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ 2024 жылдан бастап «ақша балаға беріледі» қағидатына сәйкес ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Яғни, қаржы бұрынғыдай нақты бір мекемеге емес, тікелей балаға бөлінеді. Осылайша ата-аналар өздеріне қолайлы балабақшаны таңдай алады. Жаңа жүйе бюджет қаражатын тиімді пайдалануға да мүмкіндік беріп отыр. Осы уақытқа дейін 47,6 миллиард теңге үнемделіпті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы