Басты Жаңалықтар Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған

Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған

Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған. Әке мен ананың жауапкершілігі заң жүзінде бекітілді.

Ата заңның 30-бабында неке ұғымы ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы ретінде нақтыланды. Отбасын құру әр азаматтың жеке қалауы мен еркін таңдауына негізделеді. Күштеп немесе қысым көрсету арқылы некеге тұруға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы, мүліктік қатынастардағы және бала тәрбиесіндегі құқықтары мен міндеттері заң алдында тең. Сондай-ақ Конституция бойынша неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Ал неке, отбасы құндылығын нығайту үшін балаға жастайынан дұрыс тәрбие берудің маңызы зор дейді оралдықтар.

Мынатаубиік Әнесов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Біз қазір «Заң мен тәртіпті» қолға алып жатырмыз. Ол Конституцияда да белгіленген, Президенттің үлкен тапсырмасының бірі. Ал заң мен тәртіптің алдында не тұр? Менің ойымша, тәрбие. Осы әдеп пен тәрбие отбасындағы үлкен жұмыстың бірі болуы керек. Соның ішінде әкенің өз жауапкершілігі, ананың өз жауапкершілігі бар. Осы бағытта жұмыстар істелуі керек. 

Бөлісу