Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
Алматыда 5 мыңнан астам пластик бөтелке мен 20 мыңнан аса бөтелке қақпағы қайта өңдеуге жиналды.
Тұрғындар алюминий қалдықтарын да арнайы экологиялық хабқа тапсырып жатыр. Бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырлды. Іс-шараға қала жастары мен экобелсенділер атсалысты. Арнайы хабта қалдықтардың онға жуық түріне арналған контейнерлер орнатылған. Мұнда жиналған заттар сұрыпталып, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға жіберіледі. Ал кемінде бес пластик бөтелке тапсырған тұрғындарға ынталандыру мақсатында сыйлық беріледі, дейді ұйымдастырушылар.
Айбек Берікболұлы, ерікті:
Біздің басты мақсатымыз - қаламыздың тұрғындарына, қонақтарына, жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық сананы одан әрі жетілдіру. Біздің жалпы экохабқа келген жастар болсын, тұрғындар болсын, бұл жерге тек қана өздерінің керек емес қоқыстарын өткізіп қана кетпейді. Егерде үздік болса, тұрақты түрде өткізетін болса, ұйымдастырушылардың тарапынан арнайы сыйлықтар беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы