«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына еліміз бойынша 1 млн 400 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған марафонға Түркістан облысынан 73 мыңға жуық оқырман тіркелді. Түркістандықтар бұл жоба - қоғамның зияткерлік әлеуетін көтеріп, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды бастама екенін айтады. Жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға да тигізер пайдасы мен әсері орасан зор дейді. Рухани шаһар тұрғындары кітап оқу - адамның ішкі жан дүниесін байытып, тұлға ретінде қалыптасуына жол ашатынын жақсы түсінеді. Марафонның негізгі оқу кезеңі келер жылдың наурызына дейін жалғасады. Одан кейін қатысушылар қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздерге қатысады. Өңірлік кезең жеңімпазы 600 мың теңге сыйақы алады. Алғашқы ұлттық марафонның нәтижесі сәуір айында жарияланады деп күтілуде.
Исматулла Ерболұлы, оқушы:
Негізінде ол кітаптардың біршамасын біз мектеп бағдарламасы арқылы және үйдегі кітаптардан оқығанбыз. Бірақ сен ол кезде балалықпен оқисың, ал кейін даналықпен оқисы деген сияқты. Адамның жасы да кітап оқуға өзгеріс бере алады. Көп оқушы баға үшін оқуы мүмкін. Ал бұл жерде біз зейін қойып оқимыз кітаптарды. Барынша түсінуге тырысамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы