Басты Жаңалықтар Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі

Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі

Ақтөбелік ғалымдар ауадағы зиянды сәулелерді аса жоғары дәлдікпен өлшейтін құрылғы құрастырды. Бұл ғылыми жаңалықтың басты артықшылығының бірі – атом электр станцияларының аумағындағы радиацияның мөлшерін, қуатын дәл анықтауға болады. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры Қуанышбек Шүңкеев бұл тақырыппен сексенінші жылдардан бері айналысып келеді. Ол шәкірттерімен бірге ядролық физика саласында бірегей экперименттер жүргізді. Нәтижесінде автоматтандырылған мобильді спектрлік кешен құрастырылды. Бұл құрылғының басты артқышылығы – сәулелерді жоғары жылдамдықпен дәл анықтауында.

Қуанышбек Шүңкеев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:

Өте кішкентай мына хроматор. Фото-электронды көбейткіш деп аталады. Жапонияның Hamamatsu құрылғысын біріктіру арқылы жасалады. Осы қондырғының бәрі ноутбук арқылы басқарылады. Осы хромтар арқылы кез келген ЖОО немесе зерттеу институттарына барып жұмыс істеуге болады.

Ғалымдар бұл құрылғымен Астана қаласындағы Ядролық физика институты филиалына және Германияның Гамбург қаласындағы зертханаға барып жұмыс істеп келген. Қазір Ақтөбеден шығатын рентген аппаратымен тәжірибе жүргізіп жатыр. Мамандар арнайы кристалдарды қолданып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл жаңалық әсіресе атом электр станцияларын салып жатқан елдер үшін аса маңызды.

Адэля Кенжебаева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты:

Кристалдар –  сенсиляторлар әрі дозиметрлер. Яғни, олар біздің көзімізге көрінбейтін гамма, рентген радиациясын, иондаушы бөлшектерді өзіне тіркеп алып, жұтады және адам көзіне көрінетін жарық шығарады. Ол өте қысқамерзімді жарқыл люминесценция деп аталады. Соны тіркеу арқылы кристалға түскен радиацияның деңгейін, түрін, жиілігін, қуатын тіркей аламыз.

Бөлісу