«Қазақ елі» алаңында ақтөбелік әскерилер сап құрды
Әскери шеру өткізу - бұл ең алдымен әр елдің қарулы әлеуетінің көрсеткіші. Соңғы жылдары қазақ әскері барын паш етіп, парад өткізіп келеді. Әскери шеруге Қазақстанның әр түкпіріндегі бөлімдер қатысады. Биылғы парад та сол дәстүрді жалғастырды.
Бүгін «Қазақ елі» алаңында Ақтөбеден келген әскерилер де сап құрып, жүріп өтті. Осыған орай, студияда қонақта - Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағыӘуе қорғаныс күштері институтының факультет бастығы Қыдырбек Досманбетов.
Бүгінгі шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болған шеруде әуедегі әлеуетімізді көрсеткен ұшқыштардың біразы - осы институттың түлектері.
- Бүгінгі салтанатты шеруге Ақтөбеден қанша адам келді?
- Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге Әуе қорғаныс күштері институтынан 98 қызметкер қатысты. Бұған дейінгі әскери шеруге де біздің офицерлер мен курсанттар атсалысып келді.
- Әскери шерудің жастарға берері бар ма?
- Біз бүгінгідей шарада алдымен қарулы күштеріміздің деңгейін көрсеттік. Ал, жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызы зор.
-Әңгімеңізге рахмет!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халық ертектері татар тіліне аударылды
05.03.2026, 13:21
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам негізі
05.03.2026, 13:18
Бельгияда Конституция жобасы талқыланды
05.03.2026, 13:15
ШҚО-да туберкулездің алдын алу екпесінен бас тартатындар көбейген
05.03.2026, 13:12
Politico: Ирандағы соғыс 100 күнге созылуы мүмкін
05.03.2026, 13:09
БҚО-да 108 адам қызылша жұқтырған
05.03.2026, 13:06
Алматы облысында стоматологиялық клиника медициналық сақтандыру қорынан 66 млн теңге жымқырған
05.03.2026, 13:03
Атыраулық отбасы ісі бойынша күдіктілер Қазақстанға жеткізіледі
05.03.2026, 13:00