Талдықорғанда ұлттық ат спортынан сайыстар өтуде
Жеңістің 69 жылдығына арналған мерекелік шаралар Жетісу жерінде жалғасып жатыр. Дәл қазір Талдықорған қаласының атшабарында ұлттық ат спортынан сайыстар өтуде.
Ал, бұған дейін өңір басшылары мен ардагерлер мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен жауынгерлер рухына тағзым етті.
Алаң маңындағы саябақтарда жауынгерлік шатырлар тігіліп, ол жерде ардагерлерге солдат ботқасы ұсынылды.
Соңғы мәлімет бойынша, Алматы облысында 500-ге жуық соғыс ардагері бар. Олардың басым бөлігі Талдықорған қаласында тұрып жатыр.
Тоқтарбай Қанапиянов, соғыс ардагері:
Балалар соғыс көрмесін, бейбіт заман болсын.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Мереке әлі де жалғасады. Талдықорған қаласының орталық алаңында мерекелік концерт және отшашу болады деп күтілуде.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21