Shell концерні EXPO-2017 көрмесінің жаһандық серіктесі болды

Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне әлемге танымал компаниялар да қызығушылық таныта бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға жасаған ресми сапары барысында Shell концерні EXPO-2017 көрмесінің жаһандық серіктесі болуға келісті.
Британ-нидерланд концерні қазан айында EXPO-2017 халықаралық көрмесіне бас демеуші болуға ниетті екендігін мәлімдеген болатын. Сол кезде компанияның Қазақстандағы басшысы Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу кезінде Қазақстанда өтетін халықаралық көрмеге қазірдің өзінде 50 мемлекеттік қатысуға ниет білдіргенін жақсы нәтиже ретінде бағалаған болатын. Көрмеге бас демеуші болу ниеттері бар екнедігін де ван Берген сол кездесуде айтқан еді. Ал, концерн мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ арасындағы келісімге Лондонда қол қойылды. Сонымен бірге, Ұлыбританияның өзі көрмеге қатысу жөнінде уағдаласты. Британия халықаралық көрмеден 1022 шаршы метр павильон алатын болып келісті.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті
17.09.2026, 17:25
Алматы облысында көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
17.09.2026, 17:22
Балық өсірушілерге субсидия беріле бастады
17.09.2026, 17:20
Ірі су қоймаларда м³57,9 млрд су жиналған
17.09.2026, 17:17
Ел жаңалықтарына шолу
17.09.2026, 17:15
Қазақ ғалымдары Менделеев кестесінің элементін шығармақ
17.09.2026, 17:12
Блефаропластикадан кейін әйелдің бір көзі көрмей қалған
17.09.2026, 17:10
Алматыдағы 820 пәтер иелері кооперативінің 118-і ғана тіркеуден өткен
17.09.2026, 17:07