Басты Жаңалықтар Ірі су қоймаларда м³57,9 млрд су жиналған

Ірі су қоймаларда м³57,9 млрд су жиналған

Елдегі ірі су қоймаларда 57,9 млрд текше метр су жинақталған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. Биыл 1,2 млн гектар суармалы жерді суаруға шамамен 11 млрд текше метр су берілген. Су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш алқабының көлемі 21,6 мың гектарға қысқартылды. Заңсыз су пайдалану фактілері бойынша 17 мың гектардан астам жерді суарған 251 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тиісті шарттарсыз 5,5 мың гектар жерді суарудың 929 фактісі анықталды.

Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстары және ирригация министрлігінің су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінінң төрағасы:

Алғаш рет «Қазсушардың» жұмыстары толықтай цифрландырылды. Қолма қол есеп айырылысу алынып тасталды. ЖИ-мен суармалы жерлерге мониторинг енгізіліп, суды заңсыз әкелгендерге тиісті рәсімдеу шаралары атқарылды.


Бөлісу