Басты Жаңалықтар Оралда тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті

Оралда тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті

Оралда жастарға арналған «Спортпен шыңдал, есірткіден аулақ бол!» атты ауқымды тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті.

«Чемпиондық рух» жобасы аясында қолға алынған челленджге «Әділет» партиясы мұрындық болды. Оған 500-ге жуық студент қатысты. Салауатты өмір салты насихатталған шарада жастар түрлі сергіту жаттығуларын жасады. Аға буын өкілдері мен чемпиондар спорттың денсаулыққа пайдасы, зиянды әдеттердің алдын алу жайлы өз ойларын ортаға салды.

Еркебұлан Нығметов, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының самбодан қола жүлдегері:

Жас буынды жаман әдеттен аулақ болып, спортқа баулу – мақсатымыз. Спортпен айналысамын деген балаларға барлық жағдай жасалған. Баршаңызды спортқа шақырамыз. Спортшыға ең басты керек қасиеттер – еңбек және төзімділік.

Іс-шарада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сай полиция қызметкерлері есірткімен күрестің бір әдіс-тәсілін көрініс ретінде қойды. Тәртіп сақшылары нашақорлықтың жазасы ауыр екенін де айтып өтті. Мұндай тәрбиелік-спорттық іс-шара басқа оқу орындары студенттерінің қатысуымен алдағы уақытта да жалғасады.

Бауыржан Бектұрған, «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы:

Жастарымызды спортпен шұғылдануға, нашақорлықтан аулақ болуға шақырамыз. Мемлекет басшысы қойған бағыт-бағдарға сай, біз жастарды әрдайым қолдаймыз. Олардың салауатты өмір салтын ұстануы тәртіпті сақтауға да ықпал етпек.


Бөлісу