Сандық технология – мол өнім алудың негізі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сандық технология – мол өнім алудың негізі

11.07.2019

Алматы облысындағы «Оңтүстік агропаркі» егіс дақылдарының өнімділігін екі-үш есеге арттырды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен құрылған тәжірибе алаңында дала еңбеккерлері қазір жүгері, соя, бидай, арпа, басқа да дақылдар өсіреді.

«Ашылғанына көп болмаса да, агропарктің нәтижесі өте жақсы», - дейді мамандар. Мәселен, облыста астық өнімділігінің орташа көрсеткіші 2 тонна болса, ал мұнда 4 тонна. Жүгерінің орташа көрсеткіші - 10 тоннаға жетеғабыл, паркте 16 тоннадан асады. Мұндай жетістікке олар жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы қол жеткізген. Агропаркте қазір өздігінен жүретін комбайндар, егіс алқабын әуеден суаратын дрондар қолданылады. Бұл құрылғының ерекшелігі - қай жерге су жетіспейтіндігін GPS технология арқылы өзі анықтайды. Енді мамандар осындай құралдарды барлық шаруа қожалықтарына енгізіп, ел бойынша еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттырмақшы.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

Біз республика бойынша үш осындай полигон аштық. Ол біреуі Ақмола облысында, Қостанай облысында, біреуі, міне, осы жерде - Алматы облысында. Осы жерге бүкіл жаңа технологияны, заманауи технологияны әкелдік.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу