Алматыда бір айға созылған Францияның «Цифрлы күз» фестивалінің қорытынды концерті өтті. Мәдени шараның жабылуында қонақтар цифрлы технологиялар арқылы француз музыкасымен танысты. Ерекше форматтағы кеште жаңа технологиялардың мүмкіндігі көрсетілді. Әлемге танымал француз музыкасы электрондық аспаптар арқылы орындалды.
Эльмира Әбдіхалықова, Алматыдағы Француз Бас консулының ассистенті:
- Бұл мәдени-экономикалық саладағы өте маңызды шара. Өйткені, Франция инновацияның, жаңашылдықтың және жаңарған мүмкіндіктер елінің символы. Сондықтан, Франция Елшілігі мен оның серіктестері мәдени шараларды виртуалды түрде жұрт назарына ұсынды. Жаңа технологиялардың барша адамға қолжетімділігін көрсетті.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.