«Саналы ұрпақ» жобасы ЖОО-ғы жемқорлықты жоюға үлес қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саналы ұрпақ» жобасы ЖОО-ғы жемқорлықты жоюға үлес қосады

16.11.2018

Алматы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын табысты іске асырып, қызмет көрсету саласында оңтайлы жүйелерді енгізген. Мегаполиске жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осыны айтты. Оның сөзінше, қаладағы әлеуметтік нысандар, емхана, мектепке дейінгі білім беру және қауіпсіздік салаларының сандық жүйедегі жетістіктерін елдің барлық өңірлеріне тарату қажет. Өйткені, цифрлы жүйе бойынша қызмет көрсету кезінде адам араласпағаннан кейін жемқорлық болмайды. Ал, сыбайлас жемқорлықты жоюдың тағы бір жолы жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған «Саналы ұрпақ» жобасы.    

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Осы жылдың сәуір айында біз Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында «Саналы ұрпақ» жобасын жүзеге асыра бастадық. Басты міндетіміз – жоғарғы білім саласындағы жемқорлықты жою. Жобаны тиімді іске асыру үшін біз бес негізгі бағытты анықтадық. Оның негізгілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру, оқу орындарының ашықтығын қамтамасыз ету.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу