Елбасының құттықтау хатын Мәдениет және спорт министрі жеткізді.
Бүгін - халықаралық театр күні. Осы қазір Алматыда, Мұхтар Әуезов атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтіп жатыр.
Биылғы дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі қазақ сахнасының көзі тірі аңызы Хабиба Елебекованың 100 жасқа толуына арналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хатында: «Өзіңіздей ғасыр жасаған аяулы жанның осындай белеске жетуі - барша халқымыздың ортақ қуанышы, мәдениетіміз бен әдебиетіміз үшін айтулы мереке!», - деп ақжарма тілегін жеткізген.
Өнер мен мәдениеттің ортасы Алматыдағы театр мерекесі - жүз жасаған Хабиба Елебекованың құрметіне арналды. Хабиба Қарақбайқызының түйдей құрдасы, Халық әртісі Айша Абдуллина да биыл жүз жасқа толады. Ғасыр жасаған қос ару сахна төрінде қатар отырды. Елбасының құттықтау хатын Мәдениет және спорт министрі жеткізді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Бүгін мен ойлаймын, біздің мемлекет үшін ерекше күн. Неге десеңіз, осындай жүз жылдықты бірінші рет тойлап отырмыз. Осы қадам ары қарай ұзағынан жалғасатын болсын.
Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейтінін сүйегі асыл аналар бүгін тағы дәлелдеді. Тағдыр олардың бет-жүзіне түрлі із салғанмен, жүректеріне сызат түсіре алмады. Қазақ театр өнерінің тірі шежіресі Хабиба әже Мағжан жырларын жатқа оқыды. Қайнысы Асанәлінің әдеттегі еркелігі де көрерменді ду күлкіге көмді.
Жүз жасаған Хабиба Елебекова «Әкемтеатрдағы» өнер жолын «Арқалық батырда» Қарагөз бейнесін сомдаудан бастаған. Ұзын-ырғасы 70-ке тарта кейіпкердің бейнесін сомдаған кейуана қазақтың дүлдүл әншісі Жүсіпбек Елебековпен бас құрап, өмірде де, өнерде де жарасымды жұп болды.
Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Хабиба апай өзі Жүсекеңнің қасында жүріп, өзінің өнерін қалай дамытса, сол кезеңдегі қазақтың алтын дәуір әдебиетіне мына Мұқаңдар, Сәбең, Ғабеңдерге солардың алдына ақ дастарханын жайып, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұловтардың, Қ.Баджыровтардың батасын алған адам.
Мұның бәрі бүгін көз алдымызда жаңғырып, қайта түлеп, тұтас бір дәуір шын мағынасындағы классикалық бір әлемі, гүлденген шағы біздің санамызда қайталап өткендей болды.
Шымкент шаһарынан келген Айша Абдуллинаның қонақкәдесі көрерменді тік тұрғызды. Жұрт жүзге келсе де, таң қалдырудан жаңылмаған жандардың шын өнеріне бас иді.
Бүгінгі «Театр көктемі-2016» фестивалінің жабылу салтанатында «Ең үздік қойылым» жүлдесі «Қаза мен жаза» спектаклі үшін Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовке бұйырды.
Сөйтіп, қасиетті қарашаңырақтың 90 жылдық тойы – тума таланттардың мерейлі мерекесімен қатар тойланып, көпшілік көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.
Дәурен ДАРИЯБЕК