Басты Жаңалықтар Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 іс қозғалды

Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 іс қозғалды

Биыл елімізде жастарды құқықбұзушылыққа итермелеген 40-тан аса топ анықталды. Заңға қайшы әрекет жасаған 100-ге жуық аазамат ұсталды. Сондай-ақ оқушылар мен студенттерді қорқытып, бопсалаған төрт топтың жолы кесілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 іс қозғалып, 240-тан астам азамат жауапкершілікке тартылған. Ал жасөспірімдерді мұндай ортадан қорғау мақсатында білім беру ұйымдарында екі мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Құзырлы орган өкілдері бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасатынын мәлімдеді.

Бөлісу