Басты Жаңалықтар 300-ге жуық мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен

300-ге жуық мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен

Италияның 300-ге жуық мектебіне бомба қойылды деген хабарлама түскеннен кейін эвакуация жүргізілді. Премьер-министр Джорджа Мелони бұл ескертулер ешқандай қауіп төндірмейтінін және полиция мен басқа да мемлекеттік органдар жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары мектептерде жарылғыш құрылғыларға қатысты тексеріс жүргізіп, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолға алған. Рейтер агенттігі қол жеткізген хабарламаның көшірмесіне сай, электрондық хатқа «Михаил Андропов, Мизогинистан уәлаятының жетекшісі» деп қол қойылған. Бомба туралы жалған хабарламалар өткен аптада Еуропаның бірнеше еліне жіберілген. Салдарынан ұшақтар бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары да осындай қоқан-лоққы мазмұнындағы хаттар алған. Алайда мұндай әрекетке кімдер жауапты екені беймәлім.    

Бөлісу