365 мыңнан астам бала Ұлттық қор қаражатын пайдаланды
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында бүгінге дейін 6 миллион 918 мың баланың есепшотына 2,5 миллиард долларға жуық қаражат аударылған. Ал 365 мыңнан астам жеткіншек кәмелет жасына толып, жинағын пайдаланып үлгерді. 2024 жылдан бері әр балаға жыл сайын 100 доллардан астам қаражат есептеліп келеді. Жинақ бала 18 жасқа толғанша инвестициялық басқаруда болып, одан түскен табыс есебінен көбейеді. Бүгінде қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім ақысын төлеуге бағытталған. Жинақ иесі ақшаны түгел алуға міндетті емес. Қажетті бөлігін пайдаланып, қалғанын шотта 10 жылға дейін сақтауға болады. Тіпті бала қайтыс болған жағдайда, жинақ мұрагеріне беріледі. Осы уақытқа дейін 226 мұрагерге 74 мың доллардан астам қаражат төленген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы