Басты Жаңалықтар Жаңа мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Жаңа мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Қосшыда жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Білім ордасы 1500 оқушыға арналған. Төрт қабатты мектептің жалпы ауданы 14 мың шаршы метрден асады. Жаңа нысанда оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Ғимаратта арнайы оқу кабинеттері, екі спорт зал, 300 орындық акт залы да бар. Білім ордасының құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, оқушылар үшінші тоқсанда жаңа ғимаратта оқиды деп жоспарланып отыр.

Ернар Кәрімбаев,  жоба жетекшісінің орынбасары:

Оқушыларға ыңғайлы болу үшін бастауыш және жоғары сынып кіреберістері екі бөлек орналасқан. Сондай-ақ ғимаратта ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы лифт пен пандустар орнатылған. Құрылыс жұмыстарын биыл маусымда бастадық. Нысанды желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бөлісу