Халықтың 97,5 пайызы интернетпен қамтылған
Бүгінде Қазақстан халқының 97,5 пайызы интернетпен қамтылған. Соңғы жеті жылда елді мекендердегі ғаламтор мәселесі толық шешімін тапты. Биылдың өзінде республика бойынша 370 ауылға интернет қосылды. Бұдан бөлек, байланыс желісінің де орташа жылдамдығы артты. Бұрын секундына 21 мегабит болған көрсеткіш қазір 94 мегабитке дейін жеткен. Ірі қалаларда 5G желісі дамып, спутниктік технологиялар шалғай аймақтарды цифрландыруға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, ел шығысында «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында бірқатар ауылдар ғаламторға қосылған.
Қайрат Бимағамбетов, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы:
Бүгінгі таңда ШҚО 349 елді мекеннің 307 де байланыс орнатылып, интернет желісімен қамтамасыз етілген. Олардың қатарында 6 қала және 301 ауыл бар. Нәтижесінде өңір халқының 99 пайызы, яғни 713 мың 600 адам байланыс және интернет қызметін пайдалану мүмкіндіктеріне ие.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы