Басты Жаңалықтар Еліміздегі 1 000 мектепте стоматологиялық кабинет ашылады

Еліміздегі 1 000 мектепте стоматологиялық кабинет ашылады

Тәуелсіздік жылдарында мектептердегі білім сапасына ғана емес, оқушылардың денсаулығына да айрықша көңіл бөлініп келеді. Балалар жүйелі түрде медициналық тексерістен өтеді. Ал, соңғы жылдары ел мектептерінен арнайы стоматологиялық кабинеттер де ашыла бастады. Тек Ақтөбе облысының өзінде 15 білім ордасында тіс дәрігерлері жұмыс істейді. Хиуаз Доспанова атындағы номері 14-інші мектепте мұндай кабинет жуырда ғана ашылды. Бұл жерге күні сайын 10-15 балаға дейін келіп, ауыз қуыстарын тексертеді. Мамандар қабылдауды дүйсенбіден жұмаға дейін жүргізеді.

Жансель Сексенбай, оқушы:

Бізге стоматологиялық кабинет ашылғаны өте қолайлы болды. Себебі, біз сабақтан бос уақытымызда дәрігер көмегіне жүгініп, тіс імізде қандай да бір ауытқулар, қиындықтар болса, дәрігердің кеңесін ала аламыз.

Еліміз бойынша осындай 300-ге жуық стоматологиялық кабинет жұмыс істеп тұр. 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» Жол картасы аясында олардың саны мыңға дейін артады. Жаңа кабинеттер стоматологиялық қызмет көрсетуге қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған. Басты мақсат – тек ауырған тісті емдеу емес, балалар арасындағы ауыз қуысы ауруларының алдын алу.

Алтынгүл Мүксиева, тіс дәрігері:

Эстетикалық жағынан сұрақтары болуы мүмкін, әсіресе үлкен сыныптарда. Тісім қисық, соын қалай түзетеміз деген сұрақтар.Ал кіші сыныптарда тісті қалай тазалау керек, соның техникасын үйретеміз. Жеңіл тіс жегі, кариес дейміз ғой, соны емдейміз.

Бөлісу