Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдо Каракасқа оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдо Каракасқа оралды

05.03.2019

Ол Латын Америкасы елдеріне барып, өңірдегі елдерді президент Николас Мадуроға қарсы қысымды күшейтуге үгіттейтін науқан жүргізді.

Гуайдоны Каракас халықаралық әуежайында мыңдаған жақтасы қарсы алды. Олардың алдында сөйлеген сөзінде Гуайдо 700-дей венесуэлалық әскеридің өз жағына шыққанын мәлімдеп, халықты сенбіде жаппай шеруге шығуға үндеді. Негізінен Венесуэла билігі оппозиция лидерінің елден шығуына тыйым салған еді. Сондықтан Гуайдоға қамалу қаупі төніп тұр. Ал, әлемнің 50-ден астам мемлекеті оны Венесуэла президенті ретінде мойындады. АҚШ пен өзге де Батыс елдері Мадуро екінші мәрте президенттікке заңсыз сайланды деп есептейді. Дегенмен, мұны жоққа шығарған Мадуро мемлекеттік институттарды бақылауда ұстап, елдің қарулы күштері қатарындағы лауазымды тұлғалардың қолдауына сүйеніп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу