Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
Күншығыс еліндегі Азия пара ойындарында қоржынымызға елуінші жүлде түсті. Пара велоспорттың тасжолдағы жарысында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымдық бәсекеде жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта да қазақстандық бұрымды жұп қоржынымызға екінші алтын жүлдені салды. Ал, пара пауэрлифтингтің командалық сынында жерлестеріміз үздік үштіктен көрінді. Өзбекстан құрамасымен қола жүлдені сарапқа салған Давид Дегтярев, Ерболат Кәрібай мен Станислав Шакиев үштігі 412.09 коэфицентпен қарсыластарынан басым түсті. Ал, финалға дейін қарсылас шыдатпаған волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы 8-дүркін Паралимпиада чемпиондарына лайықты тойтарыс берді. Бауыржан Тахауов шәкірттері барын салғанымен, әр сетте шабуылға ден қойған Парсы шығанағының ойыншылары жеңіске жетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы