Басты Жаңалықтар Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді

Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді

Ақтөбеде Республика күні қарсаңында спорт кешені  қолданысқа берілді. Жаңа нысан Сақтаған Бәйішев атындағы университетке тиесілі.

Арена заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жалпы ауданы 1 800 шаршы метрден асады. Одан бөлек ашық стадион да салынды. Мұнда футбол алаңы, жүгіру жолақтары мен әмбебап спорт алаңқайы бар. Спорт кешенінің ашылуына орай бүгін студенттер арасында қалалық турнир өтті.

Бөлісу